28
апрель
2026
«Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас. Т. Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 23 сәуір
«Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас.
Т. Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбындағы онкүндіктің жоспарына сәйкес 8”ғ”сынып оқушыларымен «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында қызықты пікірталас мектеп психологтарының қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің цифрлық технологияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, кітап оқу арқылы рухани құндылықтарды бойына сіңіруге шақыру болды.
Пікірталас барысында оқушылар өз ойларын ашық әрі еркін жеткізіп, гаджеттің пайдалы тұстарымен қатар бос уақытты тиімді өткізуге кедергі келтіретінін атап өтті. Көпшілігі кітап оқу, спортпен шұғылдану, достарымен серуендеу, отбасымен уақыт өткізу сияқты гаджетсіз де өмірді мазмұнды етуге болатынын нақты мысалдармен дәлелдеді.
Оқушылар гаджеттің адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін баса айтпаса да, оның шамадан тыс қолданылуы рухани дамуды тежейтінін, кітаптан алшақтатып, клиптік ойлауға әкелетінін түсінді. Қатысушылар «Гаджет – тек құрал, оны ақылмен пайдалану – өз қолымызда» деген ортақ тұжырымға келді.
Бұл пікірталас оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, уақытты дұрыс жоспарлаудың маңыздылығын ұғындырды.