02 март 2026 0 1 2 3 4 5 Т. Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектеп "Мемлекеттік қызмет жүйесі, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы оқушының көзқарасы" Т. Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектеп "Мемлекеттік қызмет жүйесі, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы оқушының көзқарасы" тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу ұйымдастырылды.Эссе барысында білім алушылар мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби даму жолдары, біліктілікті арттыру, адалдық пен парасаттылық қағидаттары жайында тың көзқарастарын білдірді.Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің маңызын атап өтті.Аталған шара жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы тұлға тәрбиелеуге бағытталды. #Шымкенткәсіптік_бағдар