Шымкент қаласы білім басқармасының
«Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 25-41-52
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 25-41-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2022

Әкімшілік


Директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары 2 аусым – Айдарқұлова Айжан Рахматуллаевна  лауазымдық міндеттемелері мен басшылық бағыттары; 
Кешенді тәрбиелеу бағыттары  бойынша тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру; 
Тәрбиелеу тұжырымдамасын, құқықтық саясатты, тәрбиелеу бағдарламаларын іске асыру; 
Жалпы мектептік тәрбие және сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру; 
ЖҚЕ, ЖҚТБ бойынша бағдарламалардың іске асырылуын бақылау, зиянды заттарды тұтынудың алдын алу, адамгершілікті-жыныстық тәрбие; 
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру; ата-аналар лекторийі; құқықтық жаппай оқыту;
Сынып жетекшілері ӘБ, көшбасшының жұмысын үйлестіру; 
Мектептің дамыту бағдарламаларын және оның концепциясын құрастыруға қатысады.
Оқу процесін ұйымдастыруды және талдауды қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысын ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарлауды ұйымдастырады.
Аға тәлімгер, сынып жетекшілерінің, педагог -  психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтарының қызметін жоспарлау мен бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық құрамын мен оқушылар және олардың ата-аналарымен тәрбие жұмысы мазмұны мен технологиясы бойынша әдістемелік оқуларын ұйымдастырады.
Тәрбие жұмысына, мәдени-тәрбие іс-шараларды дайындау мен өткізуге қажетті құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; тәрбие процесінің мазмұны мен жүргізілуіне жүйелі бақылау жүргізеді.
Тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша педагогикалық кеңес өткізеді.
Тәрбие  процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімдерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қауымдастығының, қамқоршылар кеңесінің өкілдерімен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет (жазғы лагерь)
Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асуы.
Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларын, мектеп пен отбасы арасындағы толық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер өткізеді. Ата-аналар конференциясын, мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізуді ұйымдастырады.
Оқушыларға медициналық көмектің жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
«Жас Ұлан» балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырады. «Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым ету», «Үлкендерге құрмет», «Ананы құрметтеу» қоғамдық- пайдалы жұмысын ұйымдастырады.
Білім беру ұйымдарының мұражай жұмыстарын ұйымдамтырады.
Пікірсайыс, дебат  қозғалысын дамытады.
«Жас Қыран» балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырады
1-4 сыныптардағы тәрбие жұмысына жетекшілік етеді: сыныптағы тәрбие жұмысының жоспарларын келісу.
Оқушылардың жеке басының жан-жақты дамуына және олардың қажеттіліктерін ескере отырып, олардың келуін бақылауға мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыстардың кестесін үйлестіреді.
5-7сыныптардың тәрбие жұмысына жетекшілік етеді.
Мереке, концерт, КТС, байқаулар, сайыс, демалыс кеші, экскурсия және дәстүрлі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.Жаяу серуендер мен экскурсиялар ұйымдастырады.
Тәрбие үрдісін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуді іске асырады. Әлеуметтік желі және БАҚ-на жетекшілік ететін тәрбие жұмысы туралы ақпараттарды дайындайды. 
Әлеуметтік-педагогикалық қызметті бақылайды, «тәуекел топ» оқушыларын анықтау және оның әлеуметтік-педагогикалық бейімделу, түзету және жөндеумәселелерін  басқарады.
Қоғамдық және жастар ұйымымен, тұрғылықты мекенжайы бойынша кәмелетке толмағандардың істері инспекциясымен қарым-Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Лауазымдық міндеттеріне сәйкес мектеп бойынша ұйғарым береді, бұйрық жобаларын дайындайды.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады. Білім процесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ата-аналарды қабылдайды.
Кезекші әкімшіліктің міндеттерін орындайды. Мектеп қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
 
Құжаттары. Кешенді тәрбиелеу жоспары (барлық аспектілері); сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарлары;  мектептік өзін өзі  басқру органдарының жұмыс жоспары; үйірме қызметімен қамту туралы мәліметтер (тәрбиелеу бағдарламаларын орындау); ата-аналармен жұмыс жоспары; ТІ бойынша талдаулар мен есептер; кәмелетке толмағандар арасындағы балалар қылмысы туралы есеп, талдау;құқықтық кеңес мәжілісінің хаттамасы; кәмелетке толмағандардың құқын қорғау жөніндегі комиссия шешімдерінің көшірмелері; құқықтық жұмыс бойынша оқушылар, ата-аналар жиналысының материалдары; құқықтық жаппай оқыту;оқушылардың қатыспаған сабақтары журналы; құқықтық жаппай оқытудың, дәріскерлік топтың, ақпараттық-насихаттау тобының материалдары; наркопост; оқушыларды сабақтан босату туралы бұйрықтар; сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу журнал; Қамқоршылық кеңесінің құжаттары есебі, хаттамалары. Ата аналардың келісімшарттары

Похожие публикации:

03 май 2022 Әкімшілік
03 май 2022 Әкімшілік
18 март 2019 Әкімшілік
18 март 2019 Әкімшілік
03 май 2022 Әкімшілік
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив