02 март 2026 0 1 2 3 4 5 Директорлық бақылау. Директорлық бақылау.Мектепте білім сапасын арттыру мақсатында 5-10 сыныптардан қазақ тілі , орыс тілі , математика пәндерінен директорлық бақылау жұмыстары алынды.Директорлық бақылау – оқушылардың оқу жетістіктерін анықтауға, білім деңгейін саралауға және олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған бақылау түрі. Бұл жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес алынып, нақты тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларды тексеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде пән мұғалімдерінің жұмысына талдау жасалып, әдістемелік көмек көрсету жолдары айқындалады. Сонымен қатар, оқушылардың жеке білім траекториясын қалыптастыруға жағдай жасалады. Директорлық бақылау қорытындысы әдістемелік кеңесте талқыланып, алдағы жұмыс жоспарына енгізіледі. Бұл – сапалы білім берудің маңызды тетіктерінің бірі.