Шымкент қаласы білім басқармасының
«Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 25-41-52
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 25-41-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2023

Ермекбаева Жанар Алтынбековна

Ермекбаева Жанар Алтынбековна ұлты – қазақ, білімі-жоғары Қазақстан Республикасының азаматы,1972 жылы 14 қазанда Шымкент қаласы, Қайтпас 1 елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1990-1995 жылдар аралығында Яссауи атындағы ХКТУ-нің филология факультетінің «қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығына ие болған. 1993-2010 жылдар аралығында №52 жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі лауазымынан өз еңбек жолдарын бастап, 2010-2013 аралығында директордың әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары болып, 2013 жылдан бері Циолковский атындағы №84 ЖОМ директорының қызметін атқаруда. 2013жылдан осы уақыт аралығында Жанар Алтынбековна өзінің жұмысына үлкен жауапкершілікпен, адалдықпен қарайтын, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін басшы ретінде танылды. Мектептің тарихына, қалыптасқан салт-дәстүрді назарынан қалдырмай оқушылар, ата-аналар арасында көптеген жұмыс атқарды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізіліп жатқан байқауларға, форумдарға, жарыстарға үнемі қатысып диплом, мақтау қағаздарына, алғыстарына қол жеткізуде. Қазіргі уақытта жергілікті БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс жасап, мектептің тынысын жұртшылыққа танытуда. Сонымен қатар, мектептің материалдық базасын жақсартуға, білім алушылар мен қызметкерлерге жақсартылған мүмкіндіктер жасауға үлкен үлесін қосуда. Жанар Алтынбековна өзінің басшылық қызметінде менеджер ретінде де таныла білді. Ұжымда өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленді. Мектеп басшысы ретінде еңбекқорлығымен, білімімен, біліктілігімен, тиянақты ісімен таныла білді. Жанар Алтынбековна ұжымда беделді басшы, отбасында 4 баланың үлгілі анасы. Ермекбаева Жанар Алтынбековна Білім және ғылым министірінің алғыс хаты және құрмет грамотасымен, облыс маслихатының құрмет грамотасымен, облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен, сонымен қатар білім басқармасының алғыс хаты, мақтау қағаздарымен марапатталған. 2016жылы Қазақстанның педагогикалық академиясы «Мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы атынан басқарудағы біліктілігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті үшін «І ДӘРЕЖЕЛІ БІЛІКТІ БАСШЫ» медалімен марапатталды. Қазіргі таңда басшы ретінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалалық, республикалық деңгейде семинарлар мен конференцияларды өткізу барысында оқушылар мен мұғалімдердің біліктіліктерін көтеруге үлкен үлес пен ықпал жасау жолында. Бойында шығармашылық пен еңбекқорлығы бар басшы алдағы уақытта да өзін жоғары дәрежедегі басшылардың қатарынан көрінетініне сенім білдіреміз. 

Похожие публикации:

03 май 2022 Әкімшілік
03 май 2022 Әкімшілік
18 март 2019 Әкімшілік
18 март 2019 Әкімшілік
03 май 2022 Әкімшілік
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив