Школа №81
Телефоны приемной:
(8813) 25-41-52
(8817) 532-81-22
Версия для
слабовидящих
15
март
2019

Мектеп тарихы

Мектеп халықтың рухани бесігі, ал мектеп гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар. Бұл мектеп осыдан 60 жыл бұрын, 1922 жылы өз есігін айқара ашып, оқушылар қабылдады. 1925 жылы "Алдабек мектебі" деп аталды. Бұл мектепте алғаш сауатын ашқан қарлығаштардың бірі қазақ халқының ардақты ұлы Төлеген Тәжібаев болған. Оның құрметіне 1967 жылы осы он жылдық мектепке Төлеген Тәжібаевтың есімі берілді. 
Төлеген Тәжібаев(1910. Сүткент ауылы, 1964, Алматы қаласы) - ғалым, педагогика ғылымы докторы, Қазақстан Ғ. А акедемигі. Ол педагогика  ғылымы саласында Қазақстандағы тұңғыш доктор және академик болған.
   Тарихы мол мектебімізді басқарған директорлар: Сапаров Жасұзақ, Алпысбаева Ғалия, Аденова Наталья, Сақбаев Балтабай, Ахметов Аман, Сыдықов Ерсінбек, Алиева Зухра, Досмаханов Ерсінбек, Бахтибаева Фарида және қазіргі басқарып отырған Жиенова Шадия.
   Алғашқы кезде мектепте шамамен 250-300 оқушы болған, қазіргі кезде 1265 оқушы мектепте оқиды. 
   2013 жылы жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. 
"Оқу мен тәрбие егіз" ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық.  Қазіргі таңда мектепте 106 мұғалім жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие беріп келеді.

Похожие публикации:

15 март 2019 Мектеп тарихы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив